Астаналықтар Президент Жолдауын тыңдады

Dalanews 03 сент. 2019 14:21 738

Елорда қалалық әкімдігінің қызметкерлері «Жанұя» орталығына жиналып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиналғандар Жолдауда әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық берілгенін ерекше қуанышпен қабылдады.  «Жастар үшін маңыздысы – баспана мәселесі.

Бұл орайда Президенттің жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны баспана мәселесін шешуге және білім алуға, оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады дегені баршамызды қуантып отыр.

Шынында да, жұмыс істейтін жастар үшін өзінің жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны баспана алуға жұмсауы – таптырмайтын мүмкіндік», - деді  «Астана жастары» ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Айта кетейік, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Қазақстан Президенті ауылды дамыту қажеттігіне тоқталды.

Осы мақсатта Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды.  


«Өте ауқымды, аса игілікті іс деп білем. Жалпы, Қазақстанда 4 млн жас бар десек, соның 1 млн 700-дейі ауылдық жерде тұрады, бұл ауылдық жастарға өз кәсіптерін ашып, туған жерді гүлдендіруге мүмкіндік болмақ. Ауылдардағы инфрақұрылымды, емхана, мектептерді көтеруге болады», - «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ сарапшысы Бақытжамал Ғабдрахимова.

Рекомендовать
Последние новости