Астанадағы сайлау учаскесінде бақылаушының заңға қайшы әрекеті анықталды

Қаракөз Амантай 06 окт. 2024 13:55 958

Астанадағы №2 сайлау учаскесінде “Еркіндік қанаты” қоғамдық ұйымының өкілі Садықов Р.К. сайлау процесінде сайлаушылардың жеке деректерін қамтитын тізімді видеоға түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бақылаушының бұл әрекеті Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” Конституциялық заңының 39-бабы, 2-тармағына қайшы келеді.

“Сонымен қатар Садықов басқа бақылаушылардың жұмысын тежеп, комиссия мүшелерімен сөзге келіп, тәртіп бұзған. Бұл дауыс беру процесін қиындатты. Осы факті бойынша сайлау процесіне араласу актісі жасалып, тиісті шешім қабылданды”, - деді Учаскелік комиссияның төрайымы Ташатова Хорлан Наркеновна.


Рекомендовать
Последние новости