Астанадағы авиациялық база аумағында әскери қызметкер жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды

Көркем Алдабергенова 09 июл. 2025 19:06

Астанадағы әскери авиациялық база аумағында бір әскери қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан әскери қызметкер жарақаттанған.

«Зардап шеккен адам дереу елордалық медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.


Рекомендовать
Последние новости