Астанада «Түріктің таңғы ас күні» атап өтілді

Dalanews 06 июн. 2024 22:00 2690

Қазақстанның мәдениет, өнер және бақ саласында танымал қайраткерлер мен Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері түрік таңғы асында бас қосты.

ЮНЕСКО тарапынан жариялаған және жыл сайын маусымның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік таңғы ас күніне орайластырылған «Түрік таңғы асы» атты іс-шара Астанада өтті.

Түркияның Астанадағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мен оның жұбайы Аху Капуджу ұйымдастырған аталған іс-шараға Қазақстанның белгілі мәдениет, өнер, бақ қайраткерлері, сондай-ақ дипкорпус өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында дәстүрлі түрік таңғы асымен қатар Түркияның Ризе провинциясынан арнайы әкелінген түрік шайы да ұсынылды. «Лазика» шай компаниясының сату жөніндегі үйлестірушісі Серай Сары түрік шайының тарихы мен дайындалу тәсілдеріне арналған презентация ұсынды.

Елші М.Капуджу «Дүниежүзілік таңғы ас күні» алғаш рет Ван аймағында (Түркия) атап өтіле бастағанын айтып, сондай-ақ таңғы астың мәдени маңыздылығын атап өту әрекеті қазір жаһандық іс-шараға айналғанын атап өтті.

Түрік мәдениетінде таңғы ас ерекше орын алатынын атап өткен Елші Капуджу, «түрік таңғы ас жәй ғана тамақтану ғана емес, бұл отбасылар мен достарды біріктіретін құнды дәстүр» деді.


Рекомендовать
Последние новости