Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қай елдің басшылары қатысатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 26 нояб. 2024 14:15 576

28 қарашада Астанада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді. Бұл шараға ТМД-ның Бас хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ-ның Бас хатшысы Чжан Мин шақырылды. Ақпаратты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Саммитке Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов қатысады деп жоспарлануда.

Саммит барысында аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның ҰҚШҰ төрағалығы кезінде жүзеге асырылып жатқан басым бағыттар талқыланатын болады деп хабарланды.

Айта кетейік,Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатыспайды. 

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мәлімдеген болатын.

"Армения ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырыстарына қатыспайды",—деді ол.

Аталған ақпаратты Ресейдің ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Виктор Васильев РИА Новости агенттігіне растады.

"Армениялық әріптестер бұл іс-шараға жеке қатысудан бас тартты. Сонымен қатар олар бекітілуі тиіс барлық құжаттың шектеулі форматта қабылдануына қарсы емес", — деп түсіндірді өкіл.


Рекомендовать
Последние новости