Астанада өрттен үш адамды құтқарған өрт сөндіруші комаға түсті

Dalanews 17 нояб. 2022 03:46 1132

Астанада өрттен үш адамды құтқарып қалған өрт сөндіруші комада жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы әлемжеліде Батыржан Ибрагим есімді азамат мәлім етті.

“Денесінің 80% пайызын күйік шалған екен. Қазір жағдайы өте ауыр. Батыр жігіттің есімі Асқар. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейді. Үйінде келіншегі мен екі кішкентай балапандары барша қазақ елінен тек дұға етіңіздерші деп сұрап отыр”, – дейді жазба авторы.

Оның сөзінше, өрт сөндіруші өртке оранған пәтерге жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы өрттен аман алып қалған.

“Асқар бүгінгі күннің батыры! Алладан амандығын сұрайықшы. Қазір келіншегінің қолында Асқардың сағаты ғана қалды. Асқардың өмір сағаты тоқтамасын деп тілейікші”, – деп жазды Батыржан Ибрагим.

[video width="338" height="640" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/11/Snapsave.app_314942484_2076441292543247_8834878654265510685_n.mp4"][/video]

Айта кетейік, кеше Астанадағы Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайындағы пәтердің отқа оранды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жалынды сөндіруге 26 адам және 6 техникасы жұмылдырылғанын мәлім еткен. Апаттан 5 адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді.

Рекомендовать
Последние новости