Астанада ерекше балаларға арналған IT-технологиялар бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды

Ақтоты Жапатова 31 мар. 2025 12:02 387

Астанада ерекше балаларға арналған IT-технологиялар бойынша білім беру бағдарламасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Особые праздники» қоғамдық қоры Астана IT университетінің студенттерімен бірлесіп, «Компьютерлік бағдарламалау мектебі» инклюзивті әлеуметтік жобасын бастады.

Бағдарлама ерекше балалар арасында цифрлық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Біздің бастама өскелең ұрпақтың IT-технологиясына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазіргі заманда бағдарламалау – қажетті дағды мен жастар арасында саланың дамуы елімізде сұранысқа ие мамандардың санының артуына әкеледі деп сенеміз», - деді AITU студенттері Рашад Гаджиев пен Кирилл Рожков.

Жобаның тұсаукесері тренингке қызығушылық танытқан және қатысуды жоспарлап отырған ерекше балалар мен олардың ата-аналарының басын қосады.

«Осындай мүмкіндік берілгеніне қуанып отырмыз. Бұл біз үшін көптен күткен іс-шара. Ұлым бағдарламалауға қызығушылық танытты, біз енді ғана оқуды бастағалы жатырмыз. Бұл жоба керемет бастама! Ұйымдастырушыларға көптен көп рақмет!» - дейді ерекше баланың анасы Сәуле Мұхамеджанова.


Рекомендовать
Последние новости