Астанада бизнес қарқынды дамуда

Dalanews 12 июл. 2018 03:30 779

Астана қаласы әкімдігінде бірінші жартыжылдықтағы негізгі әлеуметтік-экономикалық қорытынды шығарылды. Мәселен, тек алғашқы алты айда 5,2 % инвестиция тартылған, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өсім бар.

– Бүгінде қаланың саясаты жеке кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған және осы бағыт жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, жыл басынан бері 443,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 5,2 % өскен. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 10,7%-ға артып, 106,5 мыңға жетті, – деді Ә.Исекешев.

Шағын және орта бизнесті белсенді қолдаудың арқасында ай сайын Астана қаласында шамамен 2200 жаңа шағын және орта бизнес субъектілері ашылады. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында олардан бюджетке шамамен 188 млрд теңге салықтық түсімдер түскен.

Экономика секторында 11 046 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға артық.

«Жалпы, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасады», –  деп қорытындылады Ә. Исекешев.

Сонымен қатар өнеркәсіпте 2,3%-ға (285,9 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде   2,6 пайызға өсім бар.

Рекомендовать
Последние новости