Астанада бір пәтердің құнына тең сағаттарды ұрлағандар сотталды

Көркем Алдабергенова 26 нояб. 2024 15:29 1253

Елордада бір бөлмелі пәтердің құнына тең сағаттарды ұрлаған екі адам сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, 46 жастағы ер адам мен оның 61 жастағы серіктесі – сейфтерді бұзумен айналысқа. Олар сейфті ашып, жалпы құны 36,1 миллион теңге болатын 5 қолсағатты ұрлаған.

Ең қымбат сағат – Breguet Classique Grande Complication, бағасы 22,3 миллион теңге деп көрсетілген. Қаскөйлер бұл сағаттарды Шымкент базарында небәрі 800 мың теңгеге сатып жіберген.

Тергеу барысында жәбірленушіге барлық сағаттар мен ақшасы қайтарылды, тек сатылып кеткен және бөлшектелген Breguet Classique Grande Complication сағатынан басқасы. Одан тек 1,1 миллион теңгеге бағаланған механизмі ғана қалған.

Сот сейф ұрысын 5,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесі 2 жылға сотталды.

Сотталушылар жәбірленушіге 21,2 миллион теңге қарыз болып қалды.


Рекомендовать
Последние новости