Ресей-Украина қақтығысы: БҰҰ үндеу жасады

Қаракөз Амантай 22 нояб. 2024 11:34 752

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп, жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақыратынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жайында БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Риа Новости мәліметінше, Дюжаррик Ресейдің орта қашықтағы "Орешник" атты жаңа баллистикалық зымыранын ұшыруын” тағы бір үрей тудыратын және арандатуға жол ашатын оқиға" деп атаған. 

“Қазіргі ахуал теріс бағытта өршіп барады. Біз барлық тарапты шиеленісті бәсеңдету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырамыз. Қақтығыс Бас Ассамблеяның қарарлары, халықаралық құқық нормалары және аумақтық тұтастық принциптері негізінде аяқталуы қажет”, – деп атап өтті БҰҰ өкілі.

Еске салайық, күні кеше Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген еді.

Осылайша Ресей президенті Украинамен қазіргі қарым-қатынастың жағдайын сипаттады. Бұған дейін ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағанын растаған еді.

Оның айтуынша, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

Путин Ресей эскалацияға жауап беретінін және өзінің нысандарына шетелдік қаруды қолдануға рұқсат берген елдердің нысандарына қару қолдануға құқығы бар деп есептейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Ресей “Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасайтын кезде Украинаның бейбіт тұрғындарына қауіпті аймақты алдын ала тастап шығуды ұсынатынын айтты.

Қорыта айтқанда Путин мәлімдемесінде: 

  • "Украина Батыстың алысты көздейтін зымырандарымен Ресейге соққы жасады"
  • "Курскі және Брянскі облыстарына қарата америкалық ATACMS-тар атылды. Бірақ олар көздеген мақсаттарына жетпеді. Біздің ӘШҚҚЖ қағып түсірді"
  • "Онан соң Ұлыбританияның алысты көздейтін Storm Shadow зымырандары атылды. Олар да нәтижесіз болды"
  • "Мамандар біледі. Бұл зымырандарды Батыстың, өндіруші елдің көмегінсіз ату мүмкін емес"
  • "Біз ескерттік. Алғаш рет заманауи һәм теңдессіз континентаралық “Орешник” балистикалық зымыранымен Украинаның Днепріне соққы жасадық. Бұл біздің жауабымыз!"
  • "Біз осы және осындай жаңа әрі заманауи зымырандарды қолданарда халыққа алдын ала ескертеміз!"
  • "Бұл жолы біз ядролық оқтұмсықтар қолданбадық"

Рекомендовать
Последние новости