Астанада әйелін сабаған дипломат Сәкен Мамашқа қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды

Көркем Алдабергенова 10 июн. 2025 10:37

Астанада әйелін сабаған дипломат Сәкен Мамашқа қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әзірге белгілісі - Мамаштың әйелі Карина соттың жабық өтуін сұраған. Сот кеңесу бөлмесіне кетті. 

Ол бұрынғы әйелі Карина Мамашқа күш қолданды деп күдікке ілінген. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растаған.

2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі оның өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын мәлімдеген. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі оны БАӘ-дегі қызметінен кері шақыртты. Өткен жылдың 9 мамырында жәбірленуші Астанаға оралған. Қауіпсіздік мақсатында Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.

Кейінірек Сәкен Мамашқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны хабарланған еді.

2023 жылғы қазанда Карина Мамаш ажырасқанын ресми түрде жариялады.


Рекомендовать
Последние новости