Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады

Ақтоты Жапатова 17 апр. 2025 15:23 718

Елордада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, - делінген министрліктің хабарламасында.

Көлік министрлігі осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ төмендегі әуе компаниялары мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұрайды:

Air Astana 
Алматы: + 7 (727) 244 44 77 
Астана: + 7 (7172) 58 44 77 
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT: +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air: +7 (727) 356 14 14

FlyArystan: +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы: +7 (7172) 702–999


Рекомендовать
Последние новости