Астана колледждерінде заман талабына сай жаңа мамандықтар ашылуда

Dalanews 24 авг. 2023 05:21 1120

Әлемде технологияның дамуына байланысты даярлауға қойылатын талаптар прогресивті түрде өзгеріп келеді. Осыған сай биыл Астана қаласындағы  Құрылыс-техникалық колледжінде «Жылжымайтын мүлікті басқару», Сервис және туризм колледжінде «Ландшафты дизайн» және «Флористика» бағыттары бойынша жаңа мамандықтар ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында мамандарға қажеттіліктің өңірлік картасы – қаланың жаңа кәсіптерінің атласы әзірленді.

Мамандар қаланың еңбек нарығында алдағы 3-5 жылда сауда, құрылыс және білім беру саласындағы мамандықтар сұранысқа ие болып қала беретінін айтуда.

Сонымен қатар алдағы уақытта елордада туристік сәулетші, автомобиль дизайнері және жөндеуші, электр және гибридті автомобильдерге қызмет көрсету маманы, виртуальный мерчендайзер сияқты мамандар пайда бола бастауы мүмкін.


Пилоттық жоба аясында биыл елордалық үш колледжде алғаш рет 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді.

1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен бірге, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандығы бойынша диплом алып шығады.

 

Рекомендовать
Последние новости