Астана аспанында белгісіз отты нысандар ұшып өтті

Қаракөз Амантай 05 июн. 2025 22:59

Елорда тұрғындары аспанда жанып бара жатқан бірнеше белгісіз объектінің зулап өткенін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Достарымызбен оң жағалауда тұрғанбыз. Бір кезде аспаннан жалынға оранған белгісіз нәрселер өте шықты. Құйрығынан от шашып, әп-сәтте жоқ болды", – дейді куәгерлер.

Дәл осындай көріністі Астананың өзге тұрғындары да байқап, әлеуметтік желілерде таратып жатыр.

Қазір бұл құбылыстың нақты не екені белгісіз. Dalanews тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарласып, ресми түсініктеме сұрады. Министрлік жауабы жарияланады.

Dalanews дереккөзінің мәліметінше, Астана аспанында байқалған отты нысандар ғарыш аппараттарының құлаған бөлшектері.

"Аспандағы жарқылдар атмосфера қабатына еніп, өртеніп жатқан ғарыш аппараттарының сынықтары. Олардың нақты қайдан шыққаны қазір анықталуда. Объектілер атмосферада жанып кеткендіктен, адамдарға қауіп жоқ", – деді дереккөз.

Айта кетейік, бұл көрініс тек Астана тұрғындарына ғана емес, еліміздің оңтүстік және орталық өңірлеріндегі тұрғындарға да байқалған.


Рекомендовать
Последние новости