«Әскери төңкерістің» артында Гүлен тұрғаны жайлы дәлел жоқ

Dalanews 29 мар. 2017 11:31 996

 

2016 жылдың 16 шілдесінде Түркияда «әскери төңкеріс» орын алған болатын. «Әскери төңкеріс» орын алған сәттен бірер минут өткен соң, ел президенті Режеп Тайып Ердоған «төңкерісті Гүлен ұйымдастырды» деп мәлімдеме жасап үлгерген еді. Төңкерістен кейін айналдырған 4-5 күннің ішінде  жүздеген мың адамды жұмыстан шығарып, тұтқындау операциясы басталған болатын. Алайда, Гүлен тағылған айыпты «жала» деп тауып, халықаралық комиссия құруға шақырған еді. Араға 8 айға жуық уақыт салып, Германия, Америка, Англия мемлекеттері «әскери төңкеріске» байланысты бірінен соң бірі мәлімдеме жасап, арнайы пікір білдірді.     Неміс Қауіпсіздік қызметі (BND) басшысы Бруно Кахл  төңкеріс әрекетінің артында Гүлен тұр дегенге дәлел жоқтығын айтқан.

«Der Spiegel»  http://www.spiegel.de/international/germany/german-intelligence-chief-bruno-kahl-interview-a-1139602.html журналына  сұхбат  берген Кахл 15 шілдедегі төңкеріс жасауға әрекеттің Түркияда мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қуып, қарсыластарды түрмеге тыққан «тазалау толқыны» үшін «бір сылтау» ретінде қолданылғанын айтып, «Төңкеріс расында жүзеге асқан күннің өзінде қазір көргендерімізді көрер едік, мүмкін дәл осындай тереңдік пен радикалды кейіпте болмас еді» деді.

Төңкеріс әрекетінің артында Фетхуллаһ Гүлен тұрғандығы жайлы дәлел таба алмағандарын айтқан Кахл “Түркия көп жағынан бізді осыған көндіруге тырысты, алайда дегендеріне әлі жете қоймады” деді.

BND басшысы бұдан бөлек Гүлен жамағатын Түркияның радикал исламшыл не террорлық ұйымға жатқызуымен келіспейтінін, қозғалысты «зайырлы білім беру үшін еңбек етіп жатқан азаматтық қоғам» ретінде сипаттаған.

«Der Spiegel» хабарында «Die Welt» журналисі Дениз Южелдің тұтқындалуымен басталған әрі референдум митингілеріне рұқсат етілмеуімен тереңдей түскен Германия мен Түркия арасындағы дағдарысқа назар аударып, Кахлдың айтқандары сыртқы саясатта бомбадай әсер ететінін жеткізді.  Сонымен қатар, Англия парламенті жанынан құрылған комиссия да 70 беттен тұратын құжатта «әскери төңкерісті»  Гүленнің жасағаны жайлы нақты дәлел жоқ» екенін алдыға тартады. http://www.birgun.net/haber-detay/ingiltere-darbenin-gulenciler-tarafindan-gerceklestirildigine-dair-bilgi-yok-152585.html    АҚШ Барлау қызметінің басшысы Девид Нуньестің Fox TV арнасына  http://washingtonhatti.com/2017/03/20/chair-of-house-intel-committee-nunes-i-havent-seen-any-evidence-gulen-involved-with-coup/  берген сұхбатында да дәл осындай пікір білдірген.   2016 жылдың 16 шілде оқиғасынан кейін Түркия билігі бірден президенттік басқару жүйесіне өту үрдісін бастады. 16 сәуір күні Ата Заңды өзгертіп, президенттік басқару жүйесіне өтуге байланысты референдум өтпекші. «Әскери төңкерістен» кейін 9 айға жуық уақыт өтсе де, елде әлі төтенше жағдай орнатылған. Жұмыстан шығарылғандар саны 115 457 адамға жеткен. Ұсталғандар  82 113 болса,  тұтқынға алынғандар –  41 254 адам.   Жұмысынан айырылған ғалымдар саны – 3843.  Жұмыстан қуылған сот пен прокурорлар –195 адам.   Жұмысы тоқтатылған БАҚ саны 195-ке жетсе,  145 журналист қамауға алынған.

 

Арман Бағым

Рекомендовать
Последние новости