Әскерге кімдер барады?

Dalanews 13 апр. 2015 00:31 1194

Биылдан бастап әскерге баратындардың қатары сиреуі мүмкін. Себебі, әскерге алу талабы күшейтілмек. Олар ең алдымен 126 сұрақтан тұратын психологиялық тест тапсырады. Одан өзге денсаулығының мығымдығы да айрықша маңызға ие.

Алматы қаласы бойынша 23 мың ер азамат әскер қатарына шақырылып, олардың бес мыңы медициналық тесеріске жолдама алса, нақты сынақтардан ойдағыдай өткендері тым аз, мыңның айналасында екен. Психологиялық тесттен сүрінгендері де біршама. Мамандар тесттің маңыздылығын әскери өмірге бейімделудің ауыртпалығын қайыспай көтеру үшін аса қажетті екенін айтып отыр. Соңғы жылдары әскер қатарында жүріп, өз өзіне қол салғандардың көбеюі осылай сынақ алуға итермелеген көрінеді.

Бұдан сырт, денсаулығы жарамсыз жігіттердің көп екені осы жолғы тексеріс кезінде анықталған. Жүрек ауруы, неврологиялық ауру (басынан соққы алғандар), майтабандар жиі кездеседі екен. Дегенмен, енді әскерге барудан жалтарудың жолын кесу үшін нақты талаптар қойылады. Айталық, әскерге барудан жалтарғандар 1 жылға бас бостандығынан айырылукы яки 1000 АЕК айыппұл төлеуі әбден мүмкін. Бұл өте орынды шешім. Отан алдындағы борышынан бас тартуға болмайды!
Бұл жолы ең басты жаңалық – кейбір ер азаматтардың әскерге баруларына кедергі болған мәселе бастарында қомақты несиелерінің болуы. Біз осыған аң-таң болдық. Қазір кімде несие жоқ? Жұмыс істейтіндердің бәрі несиемен күнелтіп жүр. Машина, жер, үй алу үшін, енді кейбірі той жасау үшін миллиондап несие алуға мәжбүр. Егер олардың бәріне әскерге баруға тиым салынса, онда әскерге кімдер барады? Тіпті, әскерге барғысы келмейтіндер алдын ала банк жағалап, несин алуды көздеуі де мүмкін ғой.

Бұл жолы ең басты жаңалық – кейбір ер азаматтардың әскерге баруларына кедергі болған мәселе бастарында қомақты несиелерінің болуы. Біз осыған аң-таң болдық. Қазір кімде несие жоқ? Жұмыс істейтіндердің бәрі несиемен күнелтіп жүр. Машина, жер, үй алу үшін, енді кейбірі той жасау үшін миллиондап несие алуға мәжбүр. Егер олардың бәріне әскерге баруға тиым салынса, онда әскерге кімдер барады? Тіпті, әскерге барғысы келмейтіндер алдын ала банк жағалап, несин алуды көздеуі де мүмкін ғой. Негізі, әскер қатарына несиесі барларды да алу керек. Олардың несиелерін заң жүзінде бір жылға шегеруге болады ғой. Қалай ойлайсыз?..

 

Рекомендовать
Последние новости