Путин не деді?

Dalanews 16 апр. 2015 11:04 871

Владимир Владимирович тікелей желіде ресейліктердің сұрағына жауап берді. Барлығы 3 млн сауал түсіпті, Путин соның 69-ына жауап беріп үлгерген екен.

Оның жауаптарының бәрін қамту мүмкін емес. Дегенмен, кейбіреуі назар аударуға тұрарлық.
Сонымен Путин не деді?

Немцовтың қазасы. Путин: Бұл «трагедия әрі масқара оқиға». Екі күнге жетер-жетпес уақыттың ішінде қылмыскерлердің аты белгілі болды. Тергеушілер тез әрекет етті. Ал тапсырыс берушілерге қатысты айтарым, әзір олардың ізіне түсеміз бе, жалпы ондайлар өмірде бар ма, нақты айта алмаймын. 




  Біздің жауымыз кім? Путин: Біз алып мемлекетпіз. Қазына-байлығымыз мол. Ұлы ядролық державамыз, сондықтан орысқа дос немесе дұшпан болғандардың өзі мұнымен мақтануы керек (әзіл). Халықаралық қатынастарда ешкімді жау санамаймын, жалғыз жауымыз – терроризм және қылмыс. Бірақ кімге болса да, біздің жауымыз болуға кеңес бермес едім...




 

150416060742_putin_tv_624x351_rianovostiБіз империяны  тірілтпек ойымыз жоқ. Империялық амбициямыз да болмаған. Бірақ, Ресейден тыс жерде өмір сүретін орыстардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуді біз интеграция арқылы жүзеге асыра аламыз.




 ИЛИМ? Саддамның тұсында Иракта лаңкестік мүлде болған жоқ, ал америкалықтар пайда болғаннан кейін...Ресейге тікелей қауіп жоқ, алайда сол жақта дайындалған ресейліктер біздің территорияда пайда болуы мүмкін.




 Нацизм мен сталинизмді қатар қарастыруға болмайды. Сталиндік жүйе өз алдына тұтас ұлтты құрту қажет деген мақсат қойған жоқ




Батыспен арадағы байланысты бұзған біз емеспіз. Басты талап – Ресейдің мүддесімен санасу және оған құрмет көрсету. Ал АҚШ-қа одақтастар керек емес, оған вассалдар қажет. Мұндай жағдайда қазіргі Ресейге орын жоқ. Ресейге санкция салу «қисынсыз әрі пайдасыз» іс.




Украина мен Ресей соғысуы мүмкін бе? Путин: Жоқ, мүмкін емес. Украин снаряды біздің территорияға   «адасып түсті».




Ресей – Иран емес. Біздің экономика әлдеқайда күшті. Санкцияларға қашанға дейін шыдаймыз? Бұл сауалдың өзі дұрыс қойылмаған. Бұл жағдайды біз дамудың жаңа жолына шығу үшін пайдалану керекпіз. Өзіміздің өнім, азық-түлік қауіпсіздігі. Біз үшін басты басымдық осы. 




Украинада ресей әскерлері жоқ. Украин билігі көп қателік жіберуде. Мәселені бейбіт шешуге келіскісі жоқ. Бұдан шығар жол – Минскі келісімшартын орындау. Украинаның ішкі ісіне араласпаймыз, бірақ өз пікірімізді білдіретін құқымыз бар.




 Украинаға жылына $15 млрд және жолға тағы $5 млрд ұсындық. Батыс не берді? $17 млн?  



Украин және орыс бір халық. Газға жеңілдік жасау арқылы біз ең алдымен адамдарға көмектесіп жатырмыз.  (себебі, Украина билігінің газдың толық құнын көтере алмасын білеміз).


Думан БЫҚАЙ 


Рекомендовать
Последние новости