Әскер мен отбасы әрқашан бірге

Dalanews 20 февр. 2018 14:06 937

Жақында 10952 әскери бөлімінде бөлім командирі майор Айбек Калкаевтың басшылығымен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне арнап «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.  

Шараға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жұбайы Маржан Исмаилова, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Гүлнара Найденова мен нұсқаушы Рыскүл Мұсаева шақырылды.    Басқосу мәжіліс залында сұхбаттасудан басталды. Сол жерде Маржан Хафизбекқызы мен Рыскүл Байдиллақызы әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне 10952 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінінің құрамымен танысып, өздерінің әскери өмірінен алынған қызық оқиғаларды айтып берді.

Бұдан кейін майор Айбек Калкаев әскери қызметшілердің тәуліктік кезекшілік атқаратын қызмет орындарына, яғни 10952 әскери бөлімінің кешенді ғимаратына, автомобиль паркіне және сарбаздар асханасына экскурсия жасады. Іс-шара соңында жиналғандарды командир сарбаздар асханасында қонақтарға арнап жайылған дәмді дастарханға шақырды. Қонақтар әскери қызметшілермен бас қосып тәтті тағамдардан дәм татып, дастарханға жиналғандар әскерилерге көптеген тілектер айтты. Олар Отан қорғау жолында әсери қызметтің ыстық-суығына төзіп, әскери өмірдің көптеген шектеулеріне көне білу керектігі туралы ойларымен бөлісіп, патриоттық тақырыпқа әңгіме қозғады.

Аталған іс-шараны ұйымдастырудағы бөлім қолбасшылығының алға қойған мақсаты – әскерилердің отбасыларына, олардың жұбайлары мен әкелерінің ерекше қызмет өткеруде, қандай жауапты да маңызды тапсырмаларды орындап жүргенін көрсету, олардың, яғни отбасының тарапынан түсіністік танытып, қолдау көрсету қажеттігін жеткізу болатын.

Ата-бабабалырымыздың «Отан – от басынан басталады» деген сөзі бекер айтылмаған.  Кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін, 10952 әскери бөлімінің командирі майор Айбек Калкаевты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Серік Исмаилов  грамотамен марапаттады. Себебі, біздің қолбасшымыз әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне орасан зор көңіл бөледі.

Азамат ЖАҒАЛБАЕВ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің баспасөз хатшысы, майор.         

 

https://dalanews.kz/34237

Рекомендовать
Последние новости