«Асыл арман» тұрғын үй кешенінен карантин алынды

Dalanews 15 апр. 2020 05:36 847

Қарасай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, облыстағы 3-ші сырқат 1995 жылы туған, жүктіліктің 21-22 аптасындағы әйел «Асыл Арман» ТК тұрғыны болатын. Мұнан кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталған еді. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде  1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлерімен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті.

Бүгінгі күні тұрғын үй кешенінің тұрғыны, 1995 жылы туған әйел қайталай анализ алынғаннан кейін ауруханадан шығарылды, ал 1957 жылы туған тұрғын ем қабылдап жатыр.


Қарым-қатынаста барлығы 23 адам болғаны анықталып, олардан вирусологиялық анализ алынған, анализ қорытындылары теріс болып шықты.

Рекомендовать
Последние новости