Әсет Исекешев: Мектептер ақша сұрайтын болса, маған хабарласыңыздар

Dalanews 19 авг. 2016 14:14 1055




Елорда әкімі Әсет Исекешев ақша сұрайтын мектептер проблемасын жеке бақылауына алмақ. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.





«Білім мекемелері балаларды мектепке қабылдау кезінде «орын жоқ» деп сылтауратып, ақша сұрайтыны туралы әлеуметтік желіде жиі айтылады. Осындай проблемалармен кездескен қала тұрғындары тікелей маған хабарласа алады», - деді әкім.



Елорда басшысы Facebook әлеуметтік желісінде «Астана білімі» парағының ашылғанын да атап өтті. Оның айтуынша, желіде қалалықтарға білім бөлімінің қызметкерлері көмекке келеді.




«Мен өзім де Facebook-тің бұл парақшасын бақылап отырамын. Барлық ұстаздар қауымын сол жерде пікір алмасуға шақырамын. Менің ойымша, бұл ең тиімді әдіс», - деді Исекешев.



Сөз соңында елорда басшысы білім бағдарламаларының әзірлемесін бақылауда ұстауға және жауапты тұлғаларға қатысты қажетті шараларды қабылдауға уәде берді.


Рекомендовать
Последние новости