Әсел Қалықова: «Вакциналаудың қарқыны сақталса, Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптасады»

Dalanews 04 мая 2021 15:06 887

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакциналау пандемияның алдын алудың жалғыз құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бетперде киіп, қолды жуып, байланыс жасауды шектеу керек. Алайда ауруға қарсы күресте ең тиімді қорғаныс вакциналану екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әсел Қалықованың хабарлауынша, індет басталғаннан бері Алматы қаласында КВИ-дің 55 мыңнан астам жағдайы тіркелген (56526 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 2852,3), оның ішінде 2021 жылдың басынан бастап 3 мамырды қоса алғанда 38005 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1917,7). Мысалы, қаңтарда 3607 жұқтырған адам тікелсе, ақпанда 2945 жағдай, наурызда – 9525, сәуірде 19918 жағдай тіркелді.

– Соңғы тәулікте 658 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсімнің де, сырқаттанушылық көрсеткішінің де соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін болмашы төмендеуі байқалады. Алайда репродуктивті саны 1,0 деңгейінде сақталып отыр, – деп атап өтті Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың, сондай-ақ жаппай вакцинациялаудың арқасында сырқаттанушылықты едәуір төмендеген. Бүгінде көптеген алматылықтар вакцинаның екі компонентін де алып үлгерді. Білікті маман вакциналаудың белсенді қарқыны сақталған жағдайда мегаполисте ұжымдық иммунитет қалыптасатынын алға тартты.

Эпидемиолог Әсел Қалықова COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті адамдарға коронавирустың әсер етуімен емес, вакцинация арқылы қорғауды қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Сондықтан коронавируспен ауырғаннан кейін пайда болған антиденелерге үміттенудің қажеті жоқ. Барып, вакцинация алу керек.

– Коронавирус ауруынан кейінгі иммунитет көптеген ерекшеліктерге ие және адамның жеке иммунитетіне байланысты. Адамның ауырып, одан емделгені оның иммунитетінің қорғалғанын білдірмейді. Ковидтің кез келген формасымен ауырып, жазылса да, оның ағзасындағы антиденелер азайған кезде ол қайтадан жұқтырып алуы мүмкін – ал бұл коронавирус жағдайында айтарлықтай тез төмендейді. Сондықтан вакцинация мәселесіне барынша байыппен қарау керек, – деді ол.

Әсел Қалықова коронавирусқа қарсы вакцинация өте қажет екенін және біз оның оң нәтижесін кейбір елдердің мысалында көріп отырғанын айтты. Мысалы, Израильде, Ұлыбританияда.

– Яғни, біз вакцинациядан өткен елдердің мысалында ауру мен өлім-жітімнің айтарлықтай төмендегенін байқауға болады. Демек, ұжымдық иммунитетке қол жеткізудің бұл әдісі өте тиімді, – деп түсіндірді эпидемиолог.

Сонымен қатар, Алматыда тұрғылықты жері бойынша жақын байланыста болған 7002 және жұмыс орны бойынша байланыста 302 болған КВИ-дің 5278 белсенді ошағы медициналық бақылауда. Сонымен қатар, алматылық эпидемиологтар соңғы үш аптадағы науқастардың жас құрамына талдау жасады.

– Жүргізілген талдау деректері бойынша, 1 жасқа дейінгі балалар аурушаңдығының 0,3%-ға және 20-39 жастағы жастардың 2,5%-ға төмендеуінен басқа айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ. Бұл ретте, бұрынғыдай, негізінен 20-70 жас аралығындағы белсенді тұрғындар КВИ жұқтыруға бейім, бұл жұқтырып, науқастанған адамдардың жалпы санының 76%-ын құрайды, – деп хабарлады Әсел Қалықова.

Халықты жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде КВИ-мен ауыратын 9590 науқастың ішінде КВИ ең көп тіркелген.

Түрлі ЖШС, ЖК, АҚ жұмыскерлері арасында - 23,6% (2264 адам.),

зейнеткерлер арасында – 17,6% (1690 адам), мектепке дейінгі жастағы балаларарасында – 4,7% (453 жағдай).

Еске салсақ, ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, ұйымдар, кеңселер қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакциналану жағдайында қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне болады.

Рекомендовать
Последние новости