"Ас беруге рұқсат беріледі, бірақ...". Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

Dalanews 10 сент. 2021 13:37 937

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Бұған сәйкес, карантин шаралары кезең-кезеңмен жеңілдейді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қаулы бойынша қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріліп отыр. Оған қоса, кеңестер мен отырыстарды көзбе-көз өткізуге болады. Бірақ қаулыда көрсетілген алгоритмді қатаң сақтау қажет.

Бұдан бөлек, әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысын шектеу өлшемшарты да жарияланып отыр.

Мәселен, "жасыл аймақтағы" банкет залдар 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Спорт шарасын да өткізуге болады. Бірақ көрермен саны 20 проценттен аспауға тиіс.

Сол сияқты ойын-сауық орталығы, боулинг, компьютерлік клуб пен бияльярдта адам саны 30 проценттен артық болмауы шарт. Ал "қызыл" және "сары" аймақта ондай нысандар ашылуына рұқсат жоқ.

"Ал эпидемиологиялық жағдай 5 күн бойы нашарлап тұрса, мәселен, бір өңір "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкен жағдайда карантин шаралары күшейтіледі.

Ал "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшсе, 7 күннен кейін шектеу шаралары жеңілдетіледі", - делінген қаулыда.

Қаулының толық мәтінін және әрбір аймақтың өлшемшарттарын мына жерден көруге болады.

 

Рекомендовать
Последние новости