Аружан Сайын: "Орысша сөйлей алмайды екен"

Dalanews 16 мар. 2018 08:25 1027

Қоғам белсендісі Аружан Сайын Оңтүстік Қазақстанда зорланды делінген баланың шешесін көріп, көзбе-көз сөйлескенін айтты.

Бұл туралы ол арнайы баспасөз мәслихаты кезінде айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Бізге баланың шешесі хабарласты. Сөйтіп біз онымен кездестік, жанымызда адвокат болды. Ол біздің көзімізше баланың апасына қоңырау шалды. Барлық телефон өшірулі болды.
Бала мен апасы бар видео шыққан соң тараған сөзге ол сенбейді. Өйткені олар оралмандар, орысша сөйлей алмайды екен.

Абай ауылына көшіп келген. Бірақ апасы жұмысқа орналаса алмаған, себебі отбасында қарауды қажет ететін мүгедек адам бар», — деді Аружан Саин Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Қоғам белсендісі бала шешесінің Астанаға аттанып кеткенін де айтты.

 

«Ол әйел сауаты төмен екенін өзі мойындады. Өйткені 8-сыныптан соң жұмысқа шығып кетіпті. Дәретхана жуған, ыдыс жуған. Ал қазір асханада жұмыс істеп, бұл істі жақсы меңгеріп алыпты.

Ол отбасын жалғыз асыраушы.
Әйел баласының жуас екенін, төбелесе алмайтынын айтып отыр. Ол сұмдық жағдай орын алғанда ауылға барып, баласының құқығын қорғауға тырысқанын айтып отыр. Мектепке де, полицияға да барыпты.

Қазір ол баласын сенімді өкіл — Құрманғазы Мүсірге сеніп тапсырғанын айтып отыр. Біз шынымен де зорлық фактісі орын алды ма, соны білгіміз келеді. Сараптама оны жоққа шығарса, бізді айыптаушылар табылатынына сенімдіміз, біз оған дайынбыз да. Бірақ ақ-қараны анықтау — біздің борышымыз. Сондықтан бала омбудсменіне бірге әрекет етуді, не істеп жатқанымыздан бір-бірімізді хабарлап отыруды, бәрін жария жүргізуге келістік.

Қазір баланы балалар үйіне өткізіпті деген желеу сөз шығып жатыр. Ол өтірік, бала Астанада, бірақ балалар үйінде емес. Баланың мамасы тек сенімді өкілі Құрманғазы Мүсірдің айтқанымен әрекет етемін деп отыр», — дейді Аружан.

Бүгін Зағипа Балиева баланың анасын Астанаға шақыртқанын жария еткен еді.

Рекомендовать
Последние новости