Артқы номеріне «ASANALI» деп жазып алған көлікке қатысты полиция түсініктеме берді (видео)

Dalanews 03 мая 2022 07:12 1180

Әлеуметтік желіде есік пен төрдей Cadillac Escalade автокөлігінің артындағы мемлекеттік номеріне ASANALI деп жазып алған адамның іс-әрекеті қызу талқыланып жатыр.

Біреулер жақтаса, екіншісі тәртіпке бағынбағандық деп бағалауда.

Дәл осы мәселеге қатысты Қызылорда облысының Полиция департаменті түсініктеме беріпті.

Құқық қорғау органдары Cadillac Escalade көлігінің мемлекеттік номері стандарттарға сай болмағаннан кейін полиция қызметкерлері тоқтатқанын мәлімдеді.

[video width="1280" height="1280" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/05/WhatsApp-Video-2022-05-03-at-12.41.21.mp4"][/video]



Көлік ішінде халық әртісі Асанәлі Әшімов жарымен бірге отырған. 

Көлікке мемлекеттік нөмір орнына ASANALI деген әріптер комбинациясы тағылған. Видеодан нөмірі ерекше көлікті тәртіп сақшылары тоқтатқаны көрінеді. Полицейлер жүргізушінің қасында отырған жолаушымен қол алысып амандасады. Содан кейін автокөліктен Асанәлі Әшімов пен оның жары түседі.

Қызылорда облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, полицейлер мемлекеттік нөмір белгісінің стандартқа сәйкес болмағаны үшін "Cadillac" автокөлігін тоқтатқан.

"Анықталғандай, автокөлік халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдық мерейтойына арналған деректі фильмді түсіру үшін пайдаланылған", - деп мәлімдеді полиция департаменті.


Ескертуден кейін автокөлікке тиісті мемлекеттік нөмір бекітілді.




Рекомендовать
Последние новости