Арман ҚАНИ: Бүлдірген Бозымбаев емес, бөгделер...

Dalanews 27 июн. 2015 12:12 1346

Қазір ел арасын Павлодар өңірінің әкімі Қанат Бозымбаев туралы қырық түрлі әңгіме қыдырып жүр. «Ұлы Дәурен өлкедегі Президент резиденциясында қыз зорлапты» деген әңгімеге әлі нүкте қойылған жоқ...

Осы орайда газетіміздің өткен жолғы санында «Бозымбаев не бүлдірді?» деген мақала жариялаған едік. Міне, соған жауап келіпті.

Павлодар өңіріне белгілі ақын, журналист Арман Қани «Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуіміз керек!» дейді.

Әйтсе де, автордың бірқатар пікірімен келіскен екен. Әсіресе, әкімнің баспасөз хатшысы Асқар Жалдиновке қатысы біраз жайттың басын ашыпты...




 

[caption id="attachment_11218" align="alignleft" width="322"]cache-b-7bc9d4be24b6e41fc4f9b8b2ca3042ae Арман Қани[/caption]

 – Жалпы, Кереку халқының Бозымбаевқа деген көзқарасы қандай?

–  Қанат Бозымбаев экс-әкім Ерлан Арын істі болып, өңірдегі саяси күштер екіге жарылып, бір-бірімен текетіреске түскен аса күрделі кезеңде келді.

Бір топ оны «ұлтшыл» Ерлан Мұхтарұлының өзін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыруға, ісін түгел жоққа шығаруға ықпал ететін тегеуірінді әкім ретінде қабылдап, оны сол мақсатқа барынша пайдалануды көздеді. Бұлардың мүддесі жергілікті тәуелсіз орыстілді басылымдардан, республикалық «Рател кз», «Время», «Нұр кз» тәрізді порталдардан айқын аңғарылды.

Екінші топ оған бір күдік, бір үмітпен қарап, назарын өңірдегі ұлттық проблемаларға бұруды көздеді. Тіпті сынауға дейін барды. Бұл жайт негізінен қазақтілді басылымдардан көрініс тапты.

Саяси күштерден басқа жиналыстарда әкімдерді мадақтап, әдемі сөйлеуге әбден дағдыланған шағын топ бар. Әрине, олардың   Қанат Алдабергенұлына деген ынта-ықыласы айрықша! Бірақ ертең әкім қызметінен кеткен соң  сол  көзқарасында қала ма, тап басып айту қиын...

 – Бозымбаев не бүлдірді? Ол соғұрдай не жазды? Қайдан қателесті?

[caption id="attachment_11223" align="alignright" width="157"]Арын Орсариев Арын Орсариев[/caption]

[caption id="attachment_11227" align="alignright" width="182"]AT__7136 Асқар Жалдинов[/caption]

[caption id="attachment_11226" align="alignright" width="154"] Бауыржан Капенов[/caption]

–  Қанат Алдабергенұлы бірдеңені бүлдірді деп кесіп айтуға болмайды. Өзге әкімдер сияқты оның да «плюстері» мен «минустері» бар.

Меніңше, ол экономикаға басым бағыт беріп, идеологияны босаңсытып алды. Оның мықты экономист, білікті қаржыгер  екенінде күмән жоқ, бірақ мықты идеолог емес.

Идеология бойынша бұрынғы орынбасары Арын Орсариев  білімді азамат, бір кемшілігі – орыстілді,  орысша ойлайды, орыстілді ортаның көңіліне қарайлады. Оның осы осалдығын шовинистік, нигилистік пиғылдағы белсенділер өз пайдасына жарата білді...

Облыста билік пен қоғамның қатынасын реттеу тікелей міндеті болып табылатын облыс ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Капеновтың кәсіби біліктілігі өте төмен.

Ал әкімнің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен түсінісіп, ынтымақтаса жұмыс жасауға тиісті баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов болса, экс-әкім Ерлан Арынды және оған араша түскен жергілікті қазақ зиялыларын, патшашыл-кеңесшіл топтың сөзімен айтқанда «нацпаттарды»  сынауда айрықша белсенділігімен танылған Ольга Воронько, Джамиля Маричева сияқты журналист-«криминалистерді» көтермелеп қолдады.  Бұлардың қылмысты істерден басқа тақырыптарды жаза алатынына күмәнім бар. Жалпы, ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Капенов те, баспасөз хатшысы А. Жалдинов те журналистерді бір-біріне қарсы қою тәрізді лас технологияны қолданады деп пайымдаймын.

Әрине, әлгіндей қызметкерлермен Қ.А. Бозымбаевтың облыста идеологияны дұрыс жүргізуі мүмкін бе?.. Оның басты қателігі осындай кадрларға  сенім артуында  болса керек.
Жалпы, ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Капенов те, баспасөз хатшысы А. Жалдинов те журналистерді бір-біріне қарсы қою тәрізді лас технологияны қолданады деп пайымдаймын.

– Ұлттық бағытта, мемлекеттік тілді дамыту бағытында қандай да бір іс-шара атқарып жатыр ма? Әлде ол да...

– Қанат Алдабергенұлы қазақ тілінде жатық сөйлейді деп айта алмаймын. Бірақ соған қарамастан, ресми жиналыстарда қазақша жүргізуге мән береді, ұлты қазақ лауазымды тұлғалардан қазақ тілінде сөйлеуін талап етеді! Бұл орайда ол, тіпті, Ерлан Мұхтарұлынан асып түсті деген пікірдемін.

[caption id="attachment_11228" align="alignright" width="563"]e8d1c0c60fe05fa01c3d1b2bb7696e68-big Қанат Алдабергенұлы ресми жиналыстарда ұлты қазақ лауазымды тұлғалардан қазақ тілінде сөйлеуін талап етеді! Бұл орайда ол, тіпті, Ерлан Мұхтарұлынан асып түсті деген пікірдемін.[/caption]

Егер жергілікті қазақ зиялыларымен кездесіп, ұлттық мұрат-мүддеден туындаған проблемаларды бірге талқыласа, өз ұсынысын айтса, солардың құрметіне бөленіп, есімі айрықша әспеттелер еді! Мұндай кездесулерді идеология бойынша қазіргі орынбасары Ғани Сәдібеков ойдағыдай ұйымдастырып жүр.

Қалай десек те, кеңестік Т-34 танкісі, Аймауытов ескерткіші, «Россия» қонақ үйінің қирандысы, облыстың логотип таңбасы, патшазада Романовтың 155 жылдығы төңірегіндегі даулы мәселелер Қанат Бозымбаевтың  арқасында  қазақ зиялыларының пайдасына шешілді!

– Бозымбаев Керекуге келгелі жергілікті жердің саяси һәм зиялы ортасымен шығыса алмады дейді. Осы рас па?

– Қанат Алдабергенұлы облыста кімнің кім екенін енді ғана біле бастады ғой деймін. О баста жаңа әкімге облыстың саяси-қоғамдық өмірінен ақпарат беретін білікті әрі тәжірибелі жоғары лауазымды біреу болған жоқ. Ішкі саясат басқармасы басшысының сиқы әлгіндей...

Айтпақшы, ол жөнінде облыс әкіміне Ашық хат жазғанмын. Онда «Невада-Семей» қозғалысының белсенділеріне тиесілі мерейтойлық медальды  Бауыржан Капеновтың өзі иеленіп кеткені және өзімен достық қатынастағы Юрий Павленкоға да бергізгені айтылған.

Екеуінің де әлгі қозғалысқа еш қатысы жоқтығы айдай айқын жайт!  Ю. Павленко, керісінше, 1990 жылдары «Славия» қозғалысының белсендісі ретінде танылды, атаман Ермак мүсінін құлатуды көздеген «Азат» қозғалысы белсенділеріне қарсы шыққан адам! Павлодардағы Тургенов көшесі атауын Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың атына өзгертуге қарсылық танытты. Бұдан соң ҚХКП облыстық филиалының хатшысы  Г.Д. Осиповпен бірге коммунистік идеологияны жүргізуге атсалысты.

Ашық хатта Бауыржан Капеновтың бұдан өзге қылықтары да жазылған, бірақ облыс әкімі облыс ақынына жауап берген жоқ... Осыдан кейін көңілге кірбің түскені рас.

Дәл осы тұста айта кетерлік бір жайт, Павлодар қаласы әкімдігінде де әкімнен бастап, орынбасарлары да, бөлім меңгерушілері де жаңадан келгендер.

Қалада кімнің кім екенін жетік білмейді. Бұрын әкімнің орынбасары болып істеген Айым Қанафина тәрізді тәжірибелі, мықты идеологты көре алмай тұрмын. Ұлттық мәселе бойынша кез келген уақытта дау туындауы әбден ықтимал.

Министрлер, әкімдер дау-дамайға ұрынып жатқан қазіргі кезеңде облысты басқару оңай емес екенін түсінеміз. Енді Қанат Алдабергенұлы бізге сенім артса болады.  Ал шенеуніктерге сену-сенбеуі – өз еркінде. Тек Дінмұхамед Қонаевтан  өзінің кадрлары теріс бұрылып кетуі үшін 18 минут жеткілікті болғанын есте ұстайтын шығар...
Әкімнің отставкаға кетуі – оның қандай да бір қылмысын мойындағаны болып саналады. Мұндай жағдайда облыстағы орыстілді тәуелсіз басылымдар тілшілерінің барлығы дерлік оған қарсы материалдарды қардай боратады!

 – «Қанат Бозымбаевтың ұлы Дәурен өлкедегі Президент резиденциясында қыз зорлапты» деген сөз кеукеулегелі бір айға жуықтады. Бұған қатысты не айтасыз?

– Бұл жайында газетке шықпай тұрғанда «ұзынқұлақтан» естігенбіз. Әрине,  облыс әкімінің ұлы  өзі дос-құрбы тұтқан адамдарды  резиденцияға  апаруы  өрескел іске жатпайды, өйткені ол орын құпия әскери нысан емес, ата-анасы мен өзі тұратын ғимарат. Ал оның дәл сол жерде  зорлық іске баруы еш қисынға келмейді. «Central Asia Monitor» порталындағы  «Бандитский Павлодар», «Жас Алаш» газетіндегі «Бозымбаевты бопсалағандардың қатары көбеюі мүмкін» деген жарияланымдарда  әкімге қарсы қылмыстық топтың әрекеттері  ашылған деп білемін.

Әкімнің отставкаға кетуі – оның қандай да бір қылмысын мойындағаны болып саналады. Мұндай жағдайда облыстағы орыстілді тәуелсіз басылымдар тілшілерінің барлығы дерлік оған қарсы материалдарды қардай боратады!

– Егер, Бозымбаевтың ұлы қыз зорламаған болса, онда осыған дейін әкімнің өзі ашық пікір білдіріп, өз ұлының ақ екенін мәлімдеп, бұл саяси шантаж деп неге нақты жауап бермеді?

– Әкім құқық қорғау органдарының ісіне араласып, ұлын арашалауға кіріскен жоқ. Керісінше, заңды құрметтейтінін танытып, тергеу амалдарының қорытындысын күтіп отыр. Әкімнің: «Менің ұлым ақ, бұл саяси бопсалау!» – деп мәлімдеме жасауынан гөрі,  құқық қорғау органдарының  ресми қорытындысы әлдеқайда салмақты ғой.

– Жергілікті орыс ұлтшылдары әкімге қысым жасап отыр дейді. Кезінде Ерлан Арынды да тұзаққа түсірген әккі топ, Бозымбаевты айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу үшін осылай арандатып отырғаны айтылып жүр. Голышкиніңіз орыс шовинистерінің белді өкілі көрінеді. Бұл версияға қалай қарайсыз?

– Әкелі-балалы Василий мен Ярослав  Голышкиндерді орыс ұлтшылдары қатарына қосуға болмас. Бірақ олардың  иелігіндегі «Версия» газеті редакциясы тіпті мектеп мұғалімдерінің де беделдеріне нұсқан келтіретін материалдар жариялап, өздеріне қоқан-лоқы көрсеткен...

Жалпы, Павлодарда патшалық-кеңестік дәуірді көксейтін топ бар екені белгілі. Олар орыстілді тәуелсіз газеттер арқылы облыс пен қала басшыларына ықпал етуді көздейді. Егер әкім бұл топтың ығына жығылса, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізетін болады. Бір жақсысы, Қанат Бозымбаев олардың бопсалауынан ыққан  жоқ! Керісінше, өздеріне қарсы әрекет жасап, мықтылығын танытты!

– Дәл қазіргі жағдайда Бозымбаевты жақтауымыз керек пе, әлде даттауымыз ба?...

– Әрине, Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуіміз керек! Өйткені, облыс әкімі мен оны бопсалаушы қылмыстық топтың тартысына немқұрайдылық көрсету зиялы қауымға жараспайтын қылық. Оқиға біздің өңірде орын алып отырғандықтан, одан шет қалуға моральдық құқымыз жоқ!

Әңгімелескен, Мадияр МӘКЕН


 

 

 

Рекомендовать
Последние новости