Ақтөбедегі теракті: Назарбаев не деді?

Dalanews 10 июн. 2016 11:05 954

Назарбаев Ақтөбеде болған терактілерді салафизм дәстүрлі емес діни ағымының зұлымдық әрекеті деп атады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Біз мұның салафизм дәстүрлі емес діни ағымының зұлымдық әрекеті екенін білеміз. Республикадағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, біз сонымен қатар діни ұрандармен бүркеніп, елдегі жағдайды шайқалтқысы келетіндердің барлығына табанды тойтарыс беруіміз керек", - деді мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің барысында.

Жиында Ақтөбеде 5-6 маусым аралығында болған оқиғаларға баға берілді және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың тізімі анықталды. Бас прокурордың, ішкі істер министрінің, ҰҚК төрағасының және Ақтөбе облысы әкімінің баяндамасы тыңдалды.

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің және өз атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет тарапынан қаза болғандардың отбасына көмек көрсетілетіні айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты қылмыскерлерге қатысты қолдау әрекеттері үшін, ұлттық аза тұту күні көрінген бірлігі үшін алғыс айтты. 

Мемлекет басшысы лаңкестерге тиімді қарсылық танытқан полиция, Ұлттық гвардия, арнайы бөлімшелердің қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

Қазақстан Президенті болған шабуылдарды мағынасыз әрі зұлымдық әрекет екенін айтты. 

Рекомендовать
Последние новости