Ақтөбедегі арнайы операция кезінде мұнай ұрлаған салафиттер ұсталды (видео)

Dalanews 07 дек. 2016 11:13 836

Ақтөбедегі арнайы операцияның қорытындысы айтылды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Сөйтсек, арнайы операция кезінде мұнай ұрлады деген күдікпен қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталыпты.

«7 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Ақтөбе облыстық ІІД-мен бірлесе отырып, мұнай ұрлау және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесу бойынша ірі арнайы операцияны бастады. Жедел-іздестіру шараларының барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды, мұнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Мұнымен қатар, радикал салафизмнің бірнеше ұстанушысы ұсталыпты, олар мұнай ұрлауға қатысы бар тұлғаларға басшылық еткен.

Қазіргі уақытта олардың тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары жүріп жатыр, сонымен қатар, алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысқан кәсіпорындарда да тінтулер жүріп жатыр.

«Тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады», — делінген ҰҚК хабарламасында.

https://www.instagram.com/p/BNtU_t_gDiA/?taken-by=zello.aktobe

Рекомендовать
Последние новости