Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты: алқабилер ақтау үкімін шығарды

Ақтоты Жапатова 27 мар. 2026 14:11

Ақтөбе облысының прокуратурасы жол-көлік оқиғасына қатысушы Р. Инфуровтың қылмыстық ісі бойынша сот үкіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, іс алқабилердің қатысуымен қаралып, олардың шешімі негізінде сот Р. Инфуровты кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарған.

Еске салсақ, айыпталушы жол қозғалысы қағидаларын бұзып, салдарынан 4 адамның, оның ішінде 3 кәмелетке толмағанның қаза болуына әкеп соққан оқиғаға байланысты сотқа тартылған болатын. 2024 жылы осы жол апаты бойынша жеңіл көлік жүргізушісі айыпталғанымен, сот жүк көлігі жүргізушісінің кінәсін көрсеткен куәгерлердің тұрақты айғақтарын ескеріп, оны ақтаған.

Осыдан кейін Р. Инфуровқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған еді.

Прокуратура өкілдері жуырда жарияланған сот репортажында істің барлық мән-жайлары толық қамтылмай, біржақты бағалар берілгенін атап өтті. Сондай-ақ журналистік материалда тергеуші мен мемлекеттік айыптаушының жұмысына теріс баға берілгені және бұл әрекеттер сотқа қысым көрсету ретінде қарастырылуы мүмкін екені айтылды.

Шығарылған үкіммен келіспеген Ақтөбе облыстық прокуратурасы оны жою мақсатында Ақтөбе облыстық соты апелляциялық өтінішхат жолдаған.

Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешімді жоғары тұрған сот инстанциясы қабылдайтын болады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove