Ақтаудағы ұшақ апатының тергеуіне қатысты жаңа деректер шықты

Көркем Алдабергенова 05 янв. 2025 14:27 840

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты істі тергеудегі "әскери бөлім" Грозныйда құпия қаралып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы ВЧК-ОГПУ дереккөзі хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Александр Бастрыкин мен Орталық СКР-дің тәжірибелі тергеушілерінің Шешенстан Республикасына барғанына қарамастан, іс жүзінде барлық кейінгі әрекеттерді 505 Әскери-тергеу басқармасының тергеушілері жүргізуде.

"Әуе кемесіне зымыран атқан "Панцирь" жауынгерлік машинасының есеп тобын бөлім басшысы тергеген. Ал іссапарға жіберілген тергеушілерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі ұшақ қалдықтарын зерттеу үшін Ақтауға жіберіліп, оқиға орнында жұмыс істеуге рұқсат алған, ал бір бөлігі Грозныйда жұмыс істеуде", - делінген жазбада.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.

Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны - 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды.

Кейінірек Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық органдарымен ақылдасқан соң, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағының қара жәшігін Бразилиядағы CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады.


Рекомендовать
Последние новости