Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған жолаушыларға байланысты жаңа дерек шықты

Қаракөз Амантай 25 дек. 2024 12:49 1066

Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (олардың бірі бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болды. Жергілікті жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аман қалған жолаушылардың жағдайына байланысты түсініктеме берген еді.

"Аман қалғандардың барлығы ауыр халде. Ұшақ құлаған жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр", - дейді министр.

Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берген болатын. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті".

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысқан. 

Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.


Рекомендовать
Последние новости