Ақтауда теракт ұйымдастырылмақ болған

Көркем Алдабергенова 21 окт. 2024 13:39 5375

Ақтауда теракт ұйымдастырмақ болған адам сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

А.ж. 19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. 

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған. 


Рекомендовать
Последние новости