Ақсу зауытында төтенше жағдай: үш жұмысшы күйік алды

Ақтоты Жапатова 03 сент. 2025 12:21

Ақсу ферроқорытпа зауытында болған өндірістік оқиға салдарынан үш қызметкер термиялық күйік алды,- деп хабарлайды Dalanews.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға балқыту цехында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, пештен шихта материалдары шыққан. Салдарынан үш жұмысшы зардап шекті.

Олардың бірі Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Екінші қызметкер стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаторлық жағдайда емделуде.

Кәсіпорын зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетіп жатқанын хабарлады.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.


Рекомендовать
Последние новости