АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға кетпек

Қаракөз Амантай 05 дек. 2024 12:15 796

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Қазақстан үкіметіне 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кетіп, зейнетке шығатынын хабарлаған. Розенблюм АҚШ Мемлекеттік департаментінде 28 жыл бойы қызмет атқарды. 

Елші өз мәлімдемесінде екі ел арасындағы серіктестіктің нығая түскенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанда еңбек еткен жылдары үшін алғыс білдірді. 

"Қазақстанда қызмет ету және оның мәдениетімен танысу мен үшін үлкен мәртебе болды”, — деді ол.

Елші отставкаға кеткеннен кейін АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының уақытша жетекшісі қызметін оның орынбасары Дебора Робинсон атқаратын болады. Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулы Мишель Еркин консулдықтың жұмысын қолдауды жалғастырады.

Отставкаға дейін Розенблюм осы жылы белгіленген міндеттерін аяқтап, дипломатиялық миссияның сабақтастығын сақтау үшін жұмыстарын жалғастырады.

Айта кетейік, Розенблюмның басшылығымен АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда, инвестиция, білім беру және қауіпсіздік салаларында айтарлықтай жұмыстар жүзеге асты.


Рекомендовать
Последние новости