Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бас есепшісі ірі көлемде "ақша жеген"

Сағыныш Сардарова 31 мар. 2025 18:06 677

Ақмола облысында бұрынғы бас бухгалтер аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жарқайың ауданының соты мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтеріне өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін айыптау үкімін шығарды.  

Сот үкімімен оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оған қоса коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.  

Сонымен қатар, сот азаматтық талапты қанағаттандырды: сотталушыдан кәсіпорынның пайдасына келтірілген залал, яғни 240 млн теңгеден аса ақша өндірілді.  

 


Рекомендовать
Последние новости