«Ақжолдықтар» жауап берсін! Қаңқу сөз рас па?

Dalanews 03 нояб. 2020 02:06 1008

Тәжрибелі дипломат, белсенді блогер Қазыбек Бейсебаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында алдағы уақытта жергілікті жерлерде өтетін Мәслихат сайлауына Nur Otan партиясының үміткерлерінен басқа, сайлауға өзін-өзі ұсынушылардың мүлде болмай қалу қаупі пайда болғанын айтты. Сондай-ақ, ол еліміздегі саяси тұйықталу абырой әпермейтінін де тілге тиек етіпті.

Иә, Бейсебаев айтқандай шалғайда жатқан ауыл-аудан халқы еліміздің саяси кеңістігінде Nur Otan партиясынан басқа саяси ұйымдар бар екенін біле бермеуі мүмкін. Бұдан ауыл халқының еліміздегі саяси үрдістерден шет қалып отырғанын байқауға болады. Білікті дипломат осыған алаңдаушылығын білдіріп, ойын ортаға салыпты.

– Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге жергілікті жерлердегі Мәслихат сайлауына өзін-өзі ұсынушыларды емге таппай қалуымыз мүмкін екенін жаздым. Осылайша билік бүгінде өзін-өзі тұйыққа тірегенін кеш түсініп отыр.

Алдағы уақытта жаңадан қабылдаған заң бойынша саяси партиялар Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына қатысатыны белгілі. Жаңа заң бойынша саяси додаға бірнеше партиялар қатысып, бақ сынауы тиіс. Ал алыс ауыл-аудандарда тек қана Nur Otan партиясы бар. Қалған партияларды бары-жоғын ауыл халқы білмейді. Осыдан-ақ ауыл халқы үшін алдағы сайлауда таңдау болмайтыны анық.


Шамасы осы бір жайт жоғары жақтағыларды қатты алаңдатса керек. Маған таныстарым қазір бірқатар ауыл-аудандарда «Ақ жол» партиясының филиалдары пайда болып, оған қарапайым халықты еріткі және еркінен тыс мүшелікке қабылдап жатқанын жазды. Осыған дейін өздерін Парламенттегі оппозициялық күш ретінде кейіп танытып келген «ақжолдықтар» ел арасында желдей есіп тұрған бұл әңгімеге қатысты не дер екен? – деп білікті дипломат «Ақ жол» партиясының серкесіне сұрақты төтесінен қойыпты.

Рекомендовать
Последние новости