Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін

Dalanews 09 июл. 2024 11:56 3500

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев жол-көлік саласындағы заңнамаға ұсынылып отырған басты жаңашылдықтарды атап берді.

Министрдің сөзіне сүйенсек, жол саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да бірқатар ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 

Атап айтқанда:

  • жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін көлік құралдарына орташа қозғалыс жылдамдығы енгізілді;
  • ақылы жолдарда берешегі бар көліктерді қарызды өндіріп алу үшін тіркеуден бас тартылады. 

Бұған қоса, берешегі бар шетелдік көліктерді айыппұл тұрағына апарып тастап, елден шығармау жолы да  пысықталған: 

  • ауыр жүк көліктеріне шамадан тыс жүк тиегені үшін автоматтандырылған жүйе арқылы айыппұл салу мәселесі шешімін тапты;
  • ақылы жолдармен жүру ақысын уақытылы төлемегені үшін айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталып жатыр;
  • жобаларды уақытылы бастау үшін карьерлерді рәсімдеу тәртібін жеңілдету қарастырылып жатыр. 

 

Министр аталған өзгерістерді жедел енгізу елдегі жолдардың жай-күйін жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартатынын айтады.


Рекомендовать
Последние новости