«Ақ жол» партиясы жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық қадір-қасиетін қорғайды

Dalanews 04 янв. 2021 11:55 858

«Ақ жол» демокртиялық партиясының төрағасы Азат Перушев партияның Алматы қаласы жастарымен кездесуінде «Қазақстанға еркін, мықты және өзіне сенімді жастар қажет» мәлімдеді. Шараға партияның қалалық филиалының төрағасы Қуандық Бисқұлтанов, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар – партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, «KBT Group» компаниясының бас директоры Азат Сембинов қатысты. Кездесу «KBT Group» компаниясында өтті.

Кәсіпорын басшылығы компания қоймасында экскурсия ұйымдастырды, онда «ақжолдықтар» компанияның жобаларымен және жұмыс жағдайларымен танысты.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Азат Перуашев «KBT Group» жастар ұжымына «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

– Жастардың еркін таңдау жасауларына мүмкіндік болуы керек. Еркін ойлау мен таңдаудан шектеген жағдайда жастарға зорлық-зомбылық жасағанмен тең. Мұндай ұрпағы бар ұлт басқаларды алдау мен оларға бағынуға мәжбүр болады. Қазақстанға еркін, мықты әрі өзіне сенімді жастар қажет. Осыдан бір ғасыр бұрын, алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Мен жастарға сенемін» деп жырлап кетті. Ал біздер, жүз жыл өткен соң неліктен сол жастарға сенбейміз? Неліктен олардың өз таңдауына кедергі жасаймыз? «Ақ жол» демократиялық партиясы жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық қадір-қасиетін қорғауды талап етеді, – деп атап өтті Азат Перуашев.

«Ақ жол» басшысы партияның жас қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы айтты. Оған жатақханалар салу қажеттілігі туралы және әр баланың туылуымен ипотеканы субсидиялау бойынша ұсыныстар жатады. «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы жас сайлаушыларды демократиялық партияның бизнесті қолдау бойынша ағымдағы жұмысы мен бағдарламалық міндеттері туралы хабардар етті.

– Пандемияның кесірінен туындаған мәселелерді ретке келтіру үшін «Ақ жол» партиясы салық амнистиясын жүргізуді, шағын және орта бизнесті төлем қабілеттілігі толық қалпына келгенше салық төлеуден босатуды, микробизнес пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толық босатуды ұсынды. Бұл адамдарға өздері жұмыс тауып, еңбек етіп жүргендері, мемлекетке алашан жайып отырмағаны және өз отбасыларын асырап жатқандары үшін алғыс айту керек, – деп атап өтті А.Перуашев.

Сонымен қатар, ол партияның Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша да пайыздарды төмендету жөніндегі ұсыныстары туралы еске салды.

«Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйелеріне түбегейлі өзгерістер қажет» деді «ақжолдықтар». Осылайшы партия мүшелері жастарды 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беруге қатысуға шақырады.

«Ақ жолдың» үгіт-насихат науқаны жалғасуда, демократиялық партия өзінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру және сайлаушылардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмысын жалғастыруда.

(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)

 

Рекомендовать
Последние новости