Апорт түлкібастың брендіне айналып келеді

Dalanews 24 сент. 2021 13:12 932

«Алма» десек, ойымызға Түлкібас оралары сөзсіз. Кеңес үкіметі кезінде-ақ, бүкіл әлемге алмамен аты шыққан ауданда бүгінде алма жинау маусымы қызыпа-ақ тұр. Әзірдің өзінде түлкібастық шаруалар 5 мың тонна жеміс жинап үлгерген. Жалпы ауданда алма өсіру ісімен 76 шаруа қожалығы айналысады. Жыл соңына дейін 6 мың тонна «апорт» теруге құлшынып отырған түлкібастық бағбандар межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Дәмі тіл үйірер түлкібастық алмалар бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қалаларына жөнелтілуде. «Апорттың» алма бауларынан босатылу бағасы келісіне 250 теңгенің көлемінде болып тұр.

Ия, рас Түлкібас ауданы алма бау өсіруге өте ыңғайлы аудан. Аудан аумағында қазіргі таңда 76 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылымдар алма бауын өсірумен айналысады. Жоғарыда айтылған шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие Гала, Фуджи, Голлден Делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алма сұрыптарын өсіреді. Сондай агроқұрылымның бірі – «Көктал» шаруа қожалығы. Бүгінде бұл қожалықтың иелігінде 350 гектар баулы жер бар. Оның 330 гектарына  алма, 19 гектарына  қара өрік отырғызылған.

«Біздің қожалық иелігіндегі жерлер  Шақпақ және Ақбиік ауыл округтерінде орналасқан.  Оның себебі – таулы аумақ яғни алма өсіруге өте ыңғайлы саналады.  Биылғы өнім жинау науқанын бастап жібердік. Алмаларымызды бау басынан сатып алып кетіп жатқандар көп. Ең сапалы деген алмаларымызды сақтай тын  2 мың тонна қоймамыз да бар. Бұл бізге мол өнімді ысырапсыз, шығынсыз жинап алып, қолайлы сұранысы мол кезеңдерде алма сатуымызға мүмкіндік береді» ,  - дейді қожалық төрағасы Бейбіт Төлешев.



Бүгінгі күнде Түлкібас ауданныңда 3077 гектар алма бау алқабы жайқалып тұр. Оның ішінде 2218 гектар  2007 жылдан бері отырғызылған жас бау саналады. Сонымен қатар, ауданда аз жерден мол  өнімді алуға  (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) мақсатталған қарқынды бау шаруашылығы да қатар дамуда. Қазіргі таңда аудан аумағында қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асып жығылады екен.

Айта кетерлігі аудан аумағында қыс мезгілінде алманы сақтайтын  сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтың 7 жеміс-жидек сақтайтың қойма  жұмыс істейді. Бұл дегеніміз ауданның бренді саналатын алма өнімін ұзақ уақыт сақтап, қыс, көктем мезгілдерінде осы өнімге деген сұранысты азайтауға ықпал етеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ауданда 1991-2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 гектар  жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 гектар  жерге жылыжай салынған.  Сондай-ақ, 4474 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізіліпті.  Мұның көбісі соңғы жылдары енгізілген ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында іске асыпты.  Яғни, бұл  «Агробизнес-2020» бағдарламасының шарапатын Түлкібас ауданы молынан көріп отыр деген сөз.  Осыған орай аудандағы өнім көлемі күрт артқан. Әсіресе Түлкібастың алмасын алдағы уақытта көбірек егіп, мол өнім алу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Рекомендовать
Последние новости