ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Өскемен әуежайы" АҚ қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2022-2024 жылдар кезеңінде және 2025 жылғы қаңтарда облыс аумағында авиаотынды бөлшек саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспардан тыс талдау нәтижелері негіз болды.
Талдау қорытындысы бойынша "Өскемен әуежайы" АҚ-ның іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды-монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде.
Бұзушылықтардың бар-жоғын растайтын немесе жоққа шығаратын объективті деректерді алу мақсатында тергеп-тексеру рәсімі басталды.