Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Dalanews 09 нояб. 2016 02:20 1346

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы өздерінің жақындарымен бірге түскен суреттерін бөліскенді ұнатады. Әсіресе, ата-аналарымен бірге түскен суреттерін. Олар өздерін тәрбиелеп, осы күнге жеткізген жандарға алғыс айтқысы келсе керек. Stan.kz кезекті материалын анасынан аумай қалған жұлдыздардың фотосын жариялады.

Қыз баланың мінезі мен өзін-өзі ұстауына қарап, біз оның анасын танығандай боламыз. Себебі, нәзік жандылар көбінесе анасынан үлгі алады. Мысалы, Кәмшат Жолдыбаева өнерлі отбасында тәрбиеленген. Дәл қазір сіңлісі Алтынай да, бауыры да өнерде жүр. Ал оларды өнерге баулыған ата-аналары екен. Әсіресе, аналары оларға жастайынан би үйретіп, сахнада еркін қозғалуға машықтандырған. Яғни, Кәмшат Жолдыбаеваның биден сабақ берген ұстазы – туған анасы.

[caption id="attachment_21303" align="aligncenter" width="900"]Аша Матай анасымен Аша Матай анасымен[/caption]

Анасынан аумай қалған жұлдыздардың қатарында Аша Матай да бар. Бәтес  Байлы – тігінші. Көпшілік отандық бағдарламалардың бірінен ол кісінің өзге сіңілдеріне ұқсамайтынын байқаған. Себебі, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова секілді өнерге аса ынтық емес. Өзі сабырлы әрі тұйық мінезді.

Динара Сәтжан анасы Ақмаралға ұқсап өскен. Тележүргізушінің сәнді киім мен мәдени ортаға деген ықыласы осы анасы арқылы берілген-ді. Бұған Ақмарал Сәтжанның инстаграм парақшасына кіру арқылы көз жеткізе аласыз.

[caption id="attachment_21328" align="aligncenter" width="632"]13381359_1760830640852592_1878268557_n Динара Сәтжан анасымен[/caption]

Анар ханым мен Сиви Махмұдидың жас аралығында бірнеше жыл ғана айырмашылық бардай көрінеді. Себебі, ол қызымен бірге сұлулық салондарына барып, көңілді кештерде бой көрсеткенді ұнатады. Ең бастысы, қыз баланың басты қаруы – сұлулығы екенін жақсы түсінеді.

[caption id="attachment_21302" align="aligncenter" width="688"]dalanews-dinara_satzhan Сиви Махмуди анасымен[/caption]

Әнші өзінің анасына ұқсағысы келетінін үнемі айтып отырады. Жуырда ол алғаш рет жүрегіне жақын адамының суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады. Осылайша, анасын қатты сағынып жүргенін білдірді.

[caption id="attachment_21330" align="aligncenter" width="600"]36-1 Санданың анасы[/caption]

Естеріңізде болса, жұрт Санданың анасының сұлулығына қызыққан-ды. Тіпті, оның қызына қарағанда, әлдеқайда жас көрінетінін айтқан болатын. Әнші анасының өзі секілді сауда орталықтарын аралап, киім алғанды ұнататындығын айтып отырады.

[caption id="attachment_21329" align="aligncenter" width="645"]13707002_919795588128785_696178134_n Айдана Меденованың анасы[/caption]

Әншінің анасын отандық бағдарламалар арқылы танимыз. Сұхбат барысында әншінің анасы өзінің ашықауыз, ақкөңіл екенін байқатты. Себебі, ол қызының жұрттан жасырып жүрген құпиясын жария етіп қойған-ды. Мұнымен қатар, Әуелбекова анасының өте сабырлы екенін, оған қатты ұқсағысы келетінін айтады.

Көңілді кештерді ұнатып, қызымен бірге сұлулық салонына жарыса баратын аналардың қатарында Гүлсім ханымда бар. Әншінің анасы психология саласында жұмыс істейді. Мұнымен қатар, инстаграм парақшасынан Гүлсім ханымның дінге берік адам екенін байқауға болады.

[caption id="attachment_21304" align="aligncenter" width="781"]dalanews-moldir Мөлдір Әуелбекова анасымен[/caption]

 

Рекомендовать
Последние новости