Амандық Баталов президенттік сайлауда дауыс берді

Dalanews 09 июн. 2019 10:34 758

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жерде журналистермен тілдескен облыс әкімі Амандық Баталов:

– Бүгін – бүкіл қазақстандықтар үшін мереке, Президент сайлауы күні. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде, соның ішінде Алматы облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Жалпы біздің Алматы облысы –халық тығыз орналасқан үлкен облыс. Бізде 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 1 406 204-і- сайлаушылар.Сондықтан облыстағы әрбір сайлаушы өзінің дұрыс таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін, – деді өз сөзінде.

Атап өтсек, Алматы облысында жалпы саны 1040 сайлау учаскесі бар.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости