«AMANAT» партиясы Түркістан облысындағы жолдарды жөндеу барысын бақылайды

Dalanews 14 июн. 2022 16:52 1236

Автожолдар сапасын жақсарту мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес биыл Түркістан облыс көлемінде 716,2 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Орындалуы тиіс индикатордың қатарындағы Жібек жолы ауылдық округі Өркен көшесіне 1,1 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамалық құны  21,084 мың теңгені құрап, жол салу "Абай-Профиленд" ЖШС мердігер компанияға тапсырылған.

Қазіргі таңда шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, партия тарапынан жылжымалы зертханалық көліктер және арнайы құралдар арқылы төселген жолдардың құрамы мен стандартын саралап, жол сапасына бақылаулар тұрақты жүргізіледі.

Биыл Кентау қаласында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Қаланың ішкі жолдарын жөндеу бойынша 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы орталық көшелерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Таңбалау, өткелдерді жаңарту, шұңқырларды жамау жұмыстары 19 көшеде іске асырылып, жалпы 34,6 шақырымды құраған.


«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылына қарасты 10 көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде. Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіне атап айтқанда Астана ш/а, Жамбыл, Құралбаев, Төлеби, Сығанақ, Пролетарская, Сейфуллин №105, жалпы 3,0 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Партияның сайлауалды бағдарламасын Кентау қаласында орындау жөніндегі жол картасына сәйкес биыл 20,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.

Отырар ауданында да сайлауалды бағдарламаға сәйкес биыл 20 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу жоспарға енгізілген. Бүгінде мердігерлер анықталып, 10 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда Аққұм, Көксарай, Қарғалы, Отырар, Қоғам, Мыңшұқыр, Арыс, Шойманов, Темір, Шәуілдір елді мекендері қамтылуда.

Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 90 пайызға арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Рекомендовать
Последние новости