Әлия Назарбаева Алматыдағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Dalanews 13 янв. 2022 08:01 1088

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева Қазақстандағы ахуал соның ішінде Алматыдағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Елде болып жатқан дүрбелеңді жүрегіммен сезініп жатырмын. Осы оқиғадан зардап шеккен тұрғындар мен жақынынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Өкінішті жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандар азаматтардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл қатаң сабақ барлығымыз үшін ел тарихындағы осындай соңғы оқиға болсын деп тілеймін. Халықтың бейбіт кезеңде қаза болып жатқаны дұрыс емес", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сонымен қатар әлемжелідегі оқырмандарына қолдау көрсеткен жылы лебіздері үшін алғысын айтты.

"Қазіргідей уақытта әкемді моральдық тұрғыдан демеп жатқандарыңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Әкеме еліміздің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама келіп түсуде. Қазақстанға ынтымақ пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін", – деп жазды Назарбаева.

 

Рекомендовать
Последние новости