Алимент төлеуден жалтарып, шетелге кеткен борышкерлердің берешегі 47 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисовтың мәліметінше, шетелге шығып кеткен алимент борышкерлеріне қатысты ондаған орындау қағазы тіркелген.
Оның айтуынша, берешектің басым бөлігі Ресейге тиесілі.
"Ресейде – 73 орындау қағазы (32 млн теңге), Өзбекстанда – 24 (11 млн теңге), Украинада – 2, Әзербайжанда – 1 орындау қағазы бар. Қалған сома Беларусь пен Қырғызстанға тиесілі", – деді вице-министр.
Сонымен қатар Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген шетел азаматтары да бар екені айтылды.
