Алтай Көлгінов қалыптасқан дәстүрге сай елорда тұрғындарымен кездесті

Dalanews 20 дек. 2019 02:45 818

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесіп, жүздесуде қала тұрғындары ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, елді-мекендерді дамыту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері жайнда ой бөлсті.  

Сондай-ақ, қала әкімне тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, медициналық көмек алу бойынша сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, Ильинка тұрғыны А. Досмағамбетова көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстардың адал орындалмағандығын айтты.

– Жолды әлі күнге дейін асфальттаған жоқ, мердігер ұйым жұмыстар аяқталатын мерзімді атамай, уақытты жылжытумен келеді, – деп атап өтті. Жұмыстарды орындаумен «Құлагер» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудан әкіміне осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Әкімнің қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелері бойынша бастамашыл топ өкілдері болды. Бұдан бұрын кездесуде оңалту көмегін көрсету жағдайын жақсарту және жасау бойынша 70-ке жуық мәселе талқыланды. Сұрақтардың басым бөлігі шешіліп, біршамасы бойынша жұмыстар жүріп жатқаны мәлім болды.


Қалада ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 2 оңалту орталығы, ипподром базасында – иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады.

Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында емхана, балабақша, оңалту орталықтары, полиция пункті сияқты әлеуметтік нысандар ашылу мәселесі де осы кездесуде мәлім болды.

Жыл басынан бері инватакси саны 22 машинадан 46-ға дейін, екі есе артты. Бес жарым ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған 650-ден тұрғынмен кездескен. Осыған дейін қала басшысына қойылғансұрақтардың басым бөлігі шешіліп, қалғандары бақылауға алынғанын айта кетуіміз керек.


Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтіп жатыр. 11,4 мыңнан астам кеңес берілді, 3.5 мыңнан астам мәселе шешімін тапты.

Рекомендовать
Последние новости