Алматының бұрынғы бас архитекторына қатысты іс не болып жатыр?

Көркем Алдабергенова 13 мар. 2024 09:08 2694

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының экс басшысы Алмасхан Ахмеджановқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Антикордың Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында белгілі болды.

"Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 295, 296-баптарына сәйкес іс материалдарымен танысып жатыр", - делінген ресми жауапта.

Еске салайық, былтыр шілде айында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов екі айға қамауға алынған болатын. Лауазымды тұлға жер телімдерін беру және нысандар құрылысына рұқсат беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. 


Рекомендовать
Последние новости