Алматыдағы теракт: қолымен ішін басқан Күлікбаев сотта орнынан тұра алмады

Dalanews 24 окт. 2016 06:19 914

Бүгін Алматыдағы тергеу абақтысында Руслан Күлікбаевтың ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында мемлекеттік айыптау тарапы Күлікбаевтың Содникованы өлтіруіне қатысты айыптау қорытындысын оқыды. Бұл туралы kaz.365info.kz сайты хабарлайды. 




«Күлікбаев 2016 жылдың 17-18-шілдеде Жансүгіров көшесіндегі Аят қонақ үйінде жөзекшелер жүруі мүмкін екенін алдын ала жоспарлап, өзінің діни әлеуметтік көзқарасына қайшы болғандықтан, жезөкшелікпен айналысатын әйелдерді өлтіру мақсатында аталған орынға барған. Қонақ үй ауласында тұрған Иманғалиевке тиесілі Киа Рио автокөлігіне барып, оның ішінде жезөкшелер бар екенін болжап, ішінде отырған Иманғалиевтен терезесін ашуды сұраған.

Көлік терезесі ашылғаннан кейін, бірнеше ескерту жасап, оған көнбеген соң артқы орындықта отырған Содникованы басынан атып өлтірген. Осы кезде Иманғалиев қашып шыққан. Күлікбаев оның артынан оқ атқанымен, тигізе алмаған. Уақытын тиімді пайдалану мақсатында көлікке келіп, ішінде отырған екінші Өмірзақованы алып, Содинкованың мәйтін алып, қалада жүрген.

Жолда Өмірзақоваға «Сендер Алладан қорықпайсыңдар! Алладан кешірім сұра?! Алланың жолында қарсы шықсаңдар, бәріңді жарып жіберемін» деп қорқытқан. Өмірзақова өміріне қауіп төнгендіктен кешірім сұрап, өз әмианын Күлікбаевқа берген.

Күлікбаев ішінде 7 мың теңгесі бар Өмірзақованың әмиянымен қоса, көлік ішінде тұрған Иманғалиевтің  ішінде 42 000 теңгесі бар әмиянын алған. Жолда көліктің қызыл бағдаршамға тоқтағанын пайдаланып, Өмірзақова одан қашып шығып құтылған. Күлікбаев оны қумаған. Осыдан кейін Күлікбаев қаладағы бір дүкен алдына келіп көлікті қалдырып кеткен», — деді прокурор Жарқын Бақашбаев.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Ерлан Болатовтың айыпталушыларға орнынан тұрып, жауап беру қажет деген талабына айыпталушы Руслан Күлікбаев бағынбады, деп хабарлайды сот залынан ҚазАқпарат тілшісі.
«Күлікбаев орныңыздан тұрыңыз!» деген судья Ерлан Болатовтың талабына Күлікбаев бағынбады. Бірнеше рет айтып орнынан тұрғыза алмаған судья ақыры себебін сұрауға мәжбүр болды.

Күлікбаев ішін көрсетіп: «тұрсам, ауырады!» деп жауап берді.

Бұған судья келісті.

Айта кетейік, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Руслан Күлікбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізіп жатыр. Күлікбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.

2016 жылдың 12-қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Руслан Күлікбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

 



Рекомендовать
Последние новости