Алматыдағы атыстан бейбіт тұрғындар көз жұмды (видео)

Dalanews 20 сент. 2021 12:56 821

Алматы қаласының Алатау ауданында атыс болып, бірнеше адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Аудандағы жер үйлердің бірінде сот үкімінің орындалуын жүзеге асыру кезінде 54 жастағы үй иесі баспананы босатудан бас тартып, сот орындаушылары мен полиция инспекторларына оқ жаудырған. Салдарынан 5 адам тіл тартпай кетті.

Қайғылы оқиға бүгін сағат кешкі бестің шамасында Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты "Ақбұлақ" шағын ауданында орын алды.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған екі полиция қызметкері жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция жағдайды бақылауға алған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алатау ауданының әкім Азамат Қалдыбеков жанжалдың баспана дауынан басталғанын растады. 


"Күдікті қамауға алынды. Тергеу орындары толық мәлімет беретін болады. Үй иесі сот үкіміне бағынбай, баспананы босатудан бас тартқан. Әзірге бар айтарым осы...", – деді әкім.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері бойынша мәлімет:

  • Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған

  • Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.


 

https://youtu.be/x35W2s1fUCw

https://dalanews.kz/news/68108-almatydagy-atys-policiia-tyng-malimett

Рекомендовать
Последние новости