Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығын қайта құру жұмыстары басталады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қайта құру 2025 жылдың шілде айынан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба аясында 74 мың м² жол мен тротуарды көріктендіру, 170 мың м² жасыл аймақты абаттандыру, жарық шамдары, көше жиһаздары, спорт алаңдары, модульді әжетханалар мен автоматтандырылған суару жүйесін орнату жоспарланған.
Жобада аумақты абаттандыруға, көгалдандыруға және заманауи урбанистік шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
«Атакенттің» субұрқақ кешені қаладағы ең көрікті орындардың біріне айналуы керек. Бұл жобаның жүрегі болмақ», - деді Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар, ол жұмыстың мерзімі мен сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Нысанды аралап көрген Алматы әкімі ағаштардың әртүрлі болуына мән беріп, Алматының климаттық ерекшеліктеріне сай жапырақты ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды.