Алматыда ХҚКО, кафелер, сауда үйлері, қонақ үйлер өз жұмысына кірісті

Dalanews 25 мая 2020 05:34 813

25 мамырда Алматыда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен жою кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары, кафелер, сауда орталықтары, қонақ үйлер мен сұлулық салондары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қала әкімдігі 25 мамырдан бастап 3 631 кәсіпорын қайта ашылады деп жоспарлап отыр. Сонда тағы 84,2 мың адам жұмысқа оралады.

Оларға жұмысқа кірісуде қойылатын маңызды шарты - бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, ал бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауын қамтамасыз ету.


Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысына сағат 23.00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірінші кезеңде банкеттер мен мерекелер өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, бұл кезеңде караоке, бильярд бөлмелері және қоғамдық тамақтану аумағында жұмыс істейтін басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынады. Карантин кезеңінде кальян-барлар жұмысына тыйым салынады.

2020 жылдың 25 мамырынан бастап карантиндік шараларды жұмсарту кезеңі бойынша қала басшылығы бұрын жабылған азық-түлік базарлары мен әмбебап базарлардың азық-түлік қатарларынан шектеулерді алып тастады. Ал карантин кезеңінде қаладағы 23 базардың 13-і ғана жұмыс істеген.


Әкімдік азық-түлік базарлары кезең-кезеңімен ашылатынын атап өтті: қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың дайындығына байланысты.

25 мамырдан бастап Алматыда 16 ХҚКО ашылды, оның ішінде бес арнайы ХҚКО, екі көші-қон орталығы және екі сандық қызмет орталығы бар.

Рекомендовать
Последние новости